іс шара » Ерікті орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ерікті орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қазан
2017

іс шара

іс шара

Тілдер мерекесіне орай өткізілген
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл»
атты акциясының өткізілуі туралы
АҚПАРАТ
Мектеп тәрбиесіне қойылатын маңызды және күрделі талаптардың бірі – Егеменді елдің Азаматын тәрбиелеу. Егеменді елдің азаматы болғандықтан, өз елінің Туына, Әнұраны, Елтаңбасына да ерекше сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі қалыптасуы керек. Қазақ елінің Азаматы, Қазақстан Азаматы деген атаққа лайық болатын адам тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз бүгінгі жастар. Олардың міндеті - елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін, әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.
Қазіргі қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып табылады.
Мектептің осы бағыттағы негізгі мақсаты: Ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,тіл мәртебесін көтеру,өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Мектепте 2017 жылдың 13 мен 22 қыркүйек аралығында «Мәңгілік ел мәртебелі тіл» атты тілдер мерекесіне орай акциясының іс-шара жоспары құрылып, өткізілді. Мектеп фоэсі «Тіл мерейі,ел мерейі» атты қабырға газеттерімен безендірілді. 2-11 сыныптар аралығында тілдер мерекесіне орай тәрбие сағаттары өз деңгейінде өткізілді. «Тіл – ұлттың жаны», «Тіл ұлттың тірегі», «Ана тілім - ардағым», «Қазақ жырының дауылпазы», «Сүйемін туған тілді- анам тілін».
«Тіл – тірегім, ту-тұғырым» оқушыларды мемлекеттік тілге деген белсенділіктерін арттыру мақсатында оқушылар арасында әр түрлі байқаулар өткізілді. Атап айтсақ, «Мемлекеттік тіл өз дәрежесіне жетті ме?» пікірталас сабағы. Сол сияқты «Ең бірінші бақытым, тілім менің» мәнерлеп оқудан жарыс 5-11 сынып аралығында өткізілді. 1 – 4 сыныптар аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тапқыр достар», Тіл мамандары 5 – 7 сынып оқушыларының аралығында «Тіл бірліктің құдыреті»
атты танымдық кеш, кітапханашы Р.Омиртаеваның ұйымдастыруымен «Қазақтар ана тілін, ал өзге ұлттар мемлекеттік тілді білуге тиіс атты тақырыппен 9-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі А.М.Үкібаевтың ұйымдастырумен «Тіл және тәуелсіздік - егіз» атты тақырыбында сурет көрмесін, сол сияқты кітапханада «Тіл ұлттың жаны, жүректің қаны» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Ана тілі мен мемлекеттік тілді білу заман талабы» тақырыбында 8 – 11 сыныптар аралығында шығармалар байқауы өткізілді. Апталықты қорытындылау мақсатында тіл маманы Н.С.Аханованың ұйымдастыруымен «Қасиетті ана тілім» атты қорытынды әдеби-сазды монтаж өткізілді.Белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет.
Тіл – қастерлі де,қасиетті ұғым. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.

.




Похожие публикации:

03 мамыр 2017 мектеп ұжымы
28 сәуір 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив